$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2021, 17:49
Оқиғалар

Елордада бір тәулікте 15 мекеме карантин режимін бұзған

Барлық құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды

Елордада бір тәулікте 15 мекеме карантин режимін бұзған

Елордалық мониторинг тобы карантиндік шектеу шараларын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Есіл ауданында 5 ақпан күні мониторингтік топ белгіленген жұмыс тәртібін бұзған 2 қоғамдық тамақтану орнын: «Wall Street Restaurant» мейрамханасы мен «The Wine Cafe» шарап барын анықтады.

Алматы ауданында 4 мекеме: NE Bar, «Шишка» Lounge Bar, «Ragnarok» компьютерлік клубы, «Алания» түнгі клубы карантин режимін бұзды.

Байқоңыр ауданының мониторинг тобы 4 кәсіпкерді карантин шараларын бұзды деп айыптады. Сонымен, үйлестіру орталығына «Какие люди» ресто-бары және «ШАШЛЫКОFF» гриль-бары жұмыс режимін сақтамағаны туралы хабарлама жолданды. Сондай-ақ, бұл тізімде Zara және ZAZA түнгі клубтары бар.

Сарыарқа ауданында сағат 22.00-ден кейін Nirvana, Chili Gril, «Угол» барлары жұмыс істеді, Basilic кафесінде келушілер саны белгіленген нормадан асып кеткен. Jax ойын клубы жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан карантин режимін бұзып, жұмысын жалғастырған.

Барлық құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Мониторингтік топтар азаматтарға және мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Елордада карантин талаптарын қайта күшейтуді болдырмау үшін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық ережелерді сақтауға шақырады. Қазір вирус әлі де басылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары