$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 08:51
Оқиғалар

Алматыда алапат өрттен 20 шақты автомобиль жанып кетті

Мамандар 2 сағаттан соң өртті әрең сөндірген

Алматыда техника жөндеу орталығынан шыққан өрттен 20-ға жуық машина жанып кетті. Тілсіз жау кеше кешкі сағат 21:00 кезінде шыққан. Өрт сөндірушілер ТЖО өртті жылдам сөндіре алмаса да, өрттің жанар-жағармай құю стансасына жайылуына жол бермеді. 

"2 ақпанда 21:52 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментiнiң күштерi мен құралдары  Бостандық ауданы Сәтпаев көшесi 139 мекенжайына шақыртудың жоғары деңгейiмен жiберiлдi. Өрт сөндipушiлер келгенде Техникалық қызмет көрсету орталығы ашық жалынмен  өртенiп, солтүстік жағынан гараждар тобына, оңтүстік жағынан "Ройал Петрол" ЖҚС-на өрттің таралу қаупі туындады және ТҚО  аумағында орналасқан авто көлiктерге жайылу қаупi туындады. ТҚО -нан шыққан өрттi cөндipуге және жақын тұрған жанар-жағар май бекетiне қызыл жалынның таралуын болдырмау үшiн, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, өрт оқпандары берiлдi, өрттi cөндipуге 2 әскери учаске құрылды. Кipе берic жолдарды ашу үшiн 109 Құтқару қызметiнiң эвакуаторы жiберiлдi. Алдын ала ақпарат  бойынша өрттен 20-ға жуық автокөлік өртенді", - деп хабарлады  Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова. 

Ыстық температураның әсерінен 4 автомобиль зақымданса, тағы 15 автокөлікті  эвакуациялап үлгерген.  Көлік жөндейтін  ғимараттың жалпы ауданы 1300 шаршы метр болған. Тілсіз жау оның 600 шаршы метріне жайылған.

"Жарылыстың болу қауіпіне қарамастан, өрт сөндipушiлер қауiпсiздiк техникасын сақтай отырып өрт сөндipудi жалғастыра бердi! Қабылданған шаралармен тiлсiз жау 23 сағат 09 минутта оқшауланып, 23 сағат 47 минутта сөндipiлдi. Жанар-жағар май бекетiне оттың жайылуына жол берiлмедi. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттiң шығу себебi анықталып жатыр", - деді Гүлдана Нұрымбетова. 

ТҚО өрт сөндipyдiң алғашқы құралдарының  болуы, автокөлiктердi өртке қарсы жолақтармен орналастыру және сүйреуге арналған тростар сынды қауіпсіздік шаралары міндетті түрде болу керек.  

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары