03.02.2021, 04:30
Оқиғалар
Шымкентте карантинге қарамастан той өткізгендер анықталды
Қалада той өткізушілер саны азаяр емес
Шымкентте карантинге қарамастан той өткізген тұрғындар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Карантин шектеу шараларына қарамастан отбасылық жиын ұйымдастырып, той өткізушілер саны азаяр емес. Мәселен 1 ақпан күні сағат 14:00 шамасында Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласы «Самал-3» мөлтек ауданы Алматы тасжолы бойында орналасқан «Ханшатыр» тойханасында той болып жатыр деген хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары ол жерге барғанда тойханада үйлену тойы болып жатқаны анықталды. Бұл факт бойынша жиналған материалдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды