$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2021, 10:10
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жалған шот-фактура жасаған екі азамат сотталды

Олар мемлекетке 492,6 млн теңге көлемінде залал келтірген 

Ақтөбе облысында жалған шот-фактура жасаған екі азамат сотталды
көрнекі фото

Ақтөбе облысында екі жыл бойы нақты жұмыс жасамай және тауар жеткізбестен жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз қызметпен айналысқан бір топ тұлғаның қызметіне шектеу қойылды. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері анықтады.

2015 жылы екі ақтөбелік бірнеше кәсіпорын құрып, заңды тұлғаны тіркеудің процедураларынан өтіп, екінші деңгейлі банктерде банктік есепшот ашқаннан кейін өз атына тіркеген. Содан кейін олар жалған фирмалар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыратын контрагенттерді іздеумен айналысқан.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 492,6 млн теңгені құрайды және қазіргі уақытта өтелді. Тергеу барысында арнайы құрылған ЖШС-ның банктік шоттарындағы 7,3 млн теңге сомасындағы қаражатқа тыйым салынды.

Ақтөбе қалалық соты қылмыс жасағандарды шартты түрде 3 жыл және алты айға соттады.

Серіктес жаңалықтары