Алматыда ірі жол апаты болды

Зардап шеккендер бар 

Алматыда ірі жол апаты болды
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда 5 көлік бір-бірімен соқтығысты. Ірі жол апатынан екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына жүргізушілердің жауапсыздығы себеп болған. Апаттан екі адам зардап шеккен.  «Hyundai Elantra» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта қозғалып, қатардан қатарға маневр жасаған.

«Осындай сәттердің бірінде  жанынан өтіп бара жатқан «Hyundai Sonata» және «Hyundai Accent» көлігімен соқтығысқан. Одан кейін жолдың бойында өсіп тұрған шыршаға соғылып, қарама-қарсы жолаққа шыққан. Ол жерде «Ssang yong» және «Toyota Camry» көліктерімен соғылады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Hyundai Elantra» жүргізушісі мен «Hyundai Sonata» авткөліктерінің  жолаушысы жарақат алды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Апаттың салдарынан Әл-Фараби даңғылында ірі көлік кептелісі пайда болған. Оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.