30.01.2021, 16:49
Оқиғалар
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты
Облыста бес автокөлік соқтығысып қалды
Фото: баспасөз қызметінен
Батыс Қазақстан облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты және екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында республикалық жол бойында Lada granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір біріне соғылған. Соның салдарынан Lada granta автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі жарақат алғаан үш адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған хабрламада.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды