30.01.2021, 12:59
Оқиғалар
Алматы облысында жаттықтырушы 16 жастағы жасөспірімді ұрған
Оқушының мұрны сынған
Фото: gomel.today
Алматы облысында жаттықтырушы оқушысын ұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«26 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына 16 жастағы жасөспірімнің мұрын сүйегі сынып, ауруханаға түскені туралы хабарланды. Бұл факт бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
ПД өкілдерінің хабарлауынша, оқушыны 34 жастағы жаттықтырушысының ұрғаны белгілі болды. Жаттықтырушы спорт залды жинастырып жатқанда, оқушылардың сыныптасы келіп, оған дөрекілік танытқан. Оған шыдамаған жаттықтырушы жасөспірімнің бетінен ұрған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 10:01
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды