ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қарағандыда имам оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Мүфтият күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмағанын хабарлады, оны ауылдағылар діни жоралғыларды өткізетін ауыл молдасына айналдырып алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Қарағанды облысында ауыл имамы кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу мәліметінше ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады. Айтуға ауыз бармайтын жағдай облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болған.  

Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен. Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады.

Қаршадай қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырып алған.

«Аталған жайтқа байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды», - дейді  Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.