ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Павлодарлық шенеунікке қатысты тергеу аяқталды

Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қылмыстық істі енді сотқа жолдамақ

 

Көрнекі сурет: shutterstock.com

Павлодарда 14 млн теңге жымқырды деп күдікке іліккен шенеунік Риза Аяпбергеноваға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қылмыстық істі енді сотқа жолдамақ.

«Іс  біткен жоқ, әлі. Қазір олар танысып жатыр. Өйткені, ол бір эпизод емес, адвокаттар тынысып жатыр, өздері танысып жатыр. Осы айдың аяғына дейін бітіреміз. Былтыр үлгере алмай қалдық, бітіруге. Қысқартылған жоқ, тоқтатылған жоқ. Ол іс міндетті түрде сотқа барады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысы Айдар ТАСТЕМІРОВ:

Естеріңізге салайық, өткен жылы аймақтағы «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының басшысы Риза Аяпбергеноваға бюджет қаражатын қолды қылды деген айып тағылған болатын. Осыдан соң ол уақытша жұмысынан шеттетілген. Ал істі тергеу 1 жылға созылды.

Орталық басшысы жалған құжаттар жасау арқылы қазына қаржысына жымқырып келген деген күдік бар. Риза Аяпбергенова «Шаңырақ» орталығын 2017 жылдан бері басқарып келеді. Мекемеде 100-ден аса адам еңбек етеді.