ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Семейде көпірден секіріп кеткен жасөспірімнің өлімі видеоға түсіп қалған

Қайғылы оқиға 22 қаңтар күні сағат 17.30 шамасында болған

Скриншот: Tengrinews

Семейде 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны көпір үстінде көлікпен өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі кездейсоқ түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Қайғылы оқиға 22 қаңтар күні сағат 17.30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бозбала көпірдің ортасына дейін жылдам басып жүріп келген соң, бірден көпір жақтауына шыға сала төменге құлап кеткен.

Жасөспірімнің көпір жақтауына шығып, құлаған сәті өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірінің видеокамерасына кездейсоқ түсіп қалған.    

«Қазіргі уақытта Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлім 1-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамы – Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Бозбала оқиға орнында көз жұмды. Полиция өкілдері тергеу амалдарына байланысты оқиғаның жай-жапсары жария етілмейтінін айтты.