СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

2020 жылы өңірде жол-көлік апатынан қаза тапқан 37 адамның әрбір алтыншысының өлімі мас жүргізушілердің кесірінен болған

 
СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

СҚО полицейлері бір жылдың ішінде бір мыңнан аса мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 14 қаңтар күні «Lada Priora» автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 21 жастағы қала тұрғыны масаң күйде болған. Соттың шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

2020 жылы СҚО-да 238 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 315 адам жарақат алған, 37 адам қаза болған. Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болған әр адамның алтауы мас жүргізушілердің кесірінен қаза тапқан. Мас жүргізушілердің кінәсінен 6 адам қайтыс болып, 40 адам жарақат алған.

«Патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы осындай фактілерді анықтауға және жолын кесуге бағытталды. Өткен жылы облыс аумағында барлығы 1049 мас жүргізуші ұсталды. Басқаша айтқанда, әр 2-3 күнде солтүстікқазақстандықтың біреуі ішімдік ішкен соң рөлге отырып, өзі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді», - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға және жолда абай болуға шақырады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.