Түркістан облысында 6 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Ол тұрғындарға жер телімін заңсыз құжатпен алдап сатып, қашып кеткен

Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция басқармасының полицейлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ілтеме жасап.
Күдікті осыдан 6 жыл бұрын жергілікті тұрғынның біріне құжаты заңсыз жерді алдап сатып, ізін суытқан.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеген. Күдіктінің бас сауғалап қашуы, артынан еш із қалдырмай кетуі мен ақпарат көздерінің жоқ болуы себепті полицейлер оны іздеп таба алмаған. Алайда, жедел уәкілдер тобы күдікті азаматты Алматы қаласынан ұстады. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде.
«Тергеу барысында оның Жетісай ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Сондай-ақ күдікті заңсыз жерді 5 миллион теңгеге сатып, Алматы қаласына көшіп кеткен. Сонымен қатар оның бұрын ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыс жасап, 2 жылға сотты болғаны анықталды. Бүгінгі таңда 50-дегі күдікті азамат қамауда», - делінген хабарламада.