21.01.2021, 14:52
Оқиғалар
Талдықорған көшесінің қақ ортасында жолаушылар автобусы өртенді
Автобус толық жанып кетті, зардап шеккендер жоқ
Фото: inform.kz
Талдықорғанда қаласында Назарбаев даңғылының бойында 228-ші бағыттағы автобус отқа оранды. Өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Жолаушылар автобусы толық жанып кеткен, өрттен зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысы ТЖД өкілдерінің айтуынша, өрт шыққан сәтте автобус ішінде 5 жолаушы болған. Олардың бәрі сыртқа шығып үлгерген. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 14 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылған.
Жолаушылар автобусы «Трансталл» ЖШС-ға тиесілі. Өртенген көлік аталған серіктестіктің аймағына жеткізілген.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды