$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.01.2021, 22:57
Оқиғалар

Жамбыл облысында тұрғынның телефонын тартып алғандар қамауға алынды

Олар 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген

Жамбыл облысында тұрғынның телефонын тартып алғандар қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында күш қолданып, тұрғынның телефонын тартып алған ер адамдар қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Атырау облысының 55 жастағы тұрғыны арызданып, Құлан ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз үш азаматтың күш қолданып, Samsung j-2 маркалы ұялы телефонын, басқа да құнды заттарын тартып алып, артынан ұялы телефонындағы kaspi.kz қосымшасынан 15 мың теңге ақшасын аударып алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы сомасы 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген», - деп жазылған ақпаратта.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Т.Рысқұлов аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері ізін суытпай Алматы қаласы және Қордай ауданының 25-27 жас аралығындағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің тонау дерегі бойынша бұрын сотты болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары