20.01.2021, 15:35
Оқиғалар
Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Қазақстан азаматы Алматыға БАӘ-ден келген
Фото: ашық дереккөзден
19 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 915 қазақстандық ұшып келді. Жолаушылардың 1 713-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 202 жолаушы тиісті анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 8 рейс (1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз – 160);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс (199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз – 1);
- Қостанай әуежайына – 1 рейс (237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз – 41).
Анықтамасы жоқ жолаушылар келген жері бойынша ПТР-тестен өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 18 қаңтарда анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Алматыға Дубай (БАӘ) қаласынан ұшып келген.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
