$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2021, 00:26
Оқиғалар

Мадридте жарылыс болып, үш адам қаза тапты

11 адам зардап шекті

Мадридте жарылыс болып, үш адам қаза тапты
Фото: apnews.com

Мадридте жарылыс болып, үш адам қаза тапты. 11 адам зардап шегіп, бір адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Жарылыс болған жерде бірнеше ғимараттағы адамдар эвакуацияланды. Ұлттық полиция қызметі құқық қорғау органдарының оқтиға орнында жоғалған адамдарды іздеп жатқанын айтты.

Жарылыс Мадридтің орталығында дін қызметшілері тұратын үйде болған. Ғимараттың жанында колледж бен қарттар үйі бар. Алдын ала мәлімет бойынша, үйдің газ құбыры жөнделіп жатқан.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Испания астанасындағы жарылысқа қатысты ресми мәлімет таратты. Қазақстанның Мадридтегі консулы жергілікті билікпен байланыста. Қазіргі кезде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Испания #жарылыс