Алматыда пәтерде қамалып қалған 2 жасар сәби құтқарылды
Газ плитада қайнап жатқан шәйнек баланың өміріне қауіп төндірген
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кішкентай баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қаңтар күні таңертең Алматыдағы кезекші-диспетчерлік қызметіне ер адам пәтерде екі жасар кішкентай баланың жалғыз қамалып қалғаны туралы хабарлаған.
Жедел топпен бірге бас құтқарушы-психолог бірден оқиға орнына шықты. Оқиға орнында анасы пәтерден шыққан сәтте есік жабылып қалып, екі жасар баланың пәтерде жалғыз қалып қойғаны анықталды. Газ плитада қайнап жатқан шәйнек баланың өміріне қауіп төндірген.
«Үйде жалғыз қалып қойған баланы қорқытып алмас үшін РЖҚЖ құтқарушылары қол гидравликалық құралының көмегімен, терезе торларын ешбір шусыз кеңейтіп, терезені ашты. Құтқарушылар терезе арқылы ішке кіріп, газ плитаны өшіріп, пәтердің ішінен есікті ашты. Жұмыс жедел бірнеше минут ішінде жасалды», - делінген хабарламада.
Дегенмен, үйде біршама уақыт жалғыз қалған бала мазасызданып, қатты қорқып қалған.
Бас құтқарушы-психолог ана мен балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті. РЖҚЖ құтқарушылары көп қабатты үйдің пәтеріндегі өрттің алдын алды.