ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Павлодарда ер адам көшедегі жүргіншіні пышақпен қорқытып, тонамақ болған

Ол әйел адамды өлтіріп, ақшасын алуды көздеген

 

Қаскүнемнің әрекетінен аман қалған әйел тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Павлодар қаласының тұрғынынан алғыс түскен.

«Әйел адамның айтуынша, ол итпен серуеннен қайтып келе жатқанда артынан ер адам келіп, айқай салған. Оның қолында ұзын пышақ болған. Осы сәтте полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамды ұстап, қолдарына кісен салған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Учаскелік полиция қызметкерінің сөзінше, ер адам әйелді өлтіріп, ақшасын алмақ болған. 

«Аға сержант Сейілжан Шахантай мен сержант Данияр Қартпаевқа менің өмірімді құтқарғаны үшін алғысымды білдіргім келеді», – дейді  қала тұрғыны.  

Полицейлер өздерінің бұл істерін батырлық емес, азаматтық міндет деп санайды.