Қызылорда – Құмкөл автожолында болған апаттан 5 адам қаза тапты
Өзге бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілді

Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 13 қаңтарында сағат 14:20 шамасында Қызылорда – Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және бір жолаушы оқиға орнында, екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды.
Сонымен қатар, қалған бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілді», - делінген ПД хабарламасында.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.