Павлодарда інісін іздеп шыққан 9 жасар бала жоғалып кетті

Ағайынды екі бала әжесімен аулаға ойнауға шыққан

Павлодарда інісін іздеп шыққан 9 жасар бала жоғалып кетті

Қала тұрғынынан полицияға Гагарин көшесінің ауласында жоғалған баланы байқап қалғаны туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Оқиға орнына келген полицейлер ағайынды екі ұлдың әжесімен аулаға ойнауға шыққанын анықтаған.  Әжесі азық-түлік әкелуге үйге кетіп бара жатқанын айтып, балаларға бірден қайтып келетінін және ауладан ешқайда кетпеу керек екенін ескерткен. Біраз уақыттан кейін 9 жасар немересі інісінің жақын жерде жоқ екенін байқап, тексеру үшін үйге жүгіріп кеткен», - дейді департаментте.

Алайда үйге келген кезде 6 жасар інісінің жоқ екенін көрген соң, әжесінің киінгенін күтпестен көшеге жүгірген. Інісін іздеген бала көрші аулаларға жүгіріп барған, бірақ соңында өзі адасып кеткен. Сол кезде полицияға қоңырау шалу үшін өтіп бара жатқан қала тұрғынынан көмек сұраған.

Осы уақытта екі немересін іздеп жүрген әжесіне басқа ауладан кіші немересі келген.  Немересінің үлкенін үйге полиция алып келді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.