ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

ШҚО-да әйелдер өртенген ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болды

Өскеменде облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты

 

Видеодан кадр

Өскемен қаласында Карл Либкнехт көшесі, 17 мекенжайында орналасқан облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар төртінші қабаттан секіріп түспек болған.

«Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Өрт төртінші қабаттағы шатырдан тұтанған», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер Instagram парақшаларында пайда болды. Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде өрт шыққан қабаттағы адамдарды эвакуациялауға кірісіп, үш адамды құтқарды. 

Сағат 17:09-да өрт ауыздықталып, 17:55-те толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы -200 шаршы метр. Өрт сөндіру жұмысына жеке құрамдағы 37 адам мен 12 арнайы көлік жұмылдырылды.