$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2021, 02:16
Оқиғалар

Түркістанда мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген екі тұрғын сотталды

Азаматтардың бірі 5 жарым жылға, ал екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістанда мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген екі тұрғын сотталды
Фото: zakon.kz

Түркістан облысында мемлекетке 7 млрд теңге залал келтірген екі тұрғын сотталды. Бұл туралы ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан облысының екі тұрғыны 2017-2019 жылдары аралығында «Фаворит Инвест Строй», «Азия-Tech» және «Таңшолпан-Нұр» ЖШС-ін үшінші тұлғаларға тіркеу арқылы қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырып, оған басшылық ете отырып іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет түрлерін көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактура жазып беруді жүзеге асырған», - делінген департамент хабарламасында.

Айыпталушылар контрагент сатып алушылардан белгілі бір мөлшерде сыйақы алу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған.

Заңсыз іс-әрекет нәтижесінде мемлекет бюджетіне 7 млрд астам теңге көлемінде залал келтірілді.

Азаматтардың қылмысы ҚР ҚК 28-бабының 2, 3 және 5-бөлімдері, 216-бабының 3-бөлімі, 245-бабының 3-бөліміне сәйкес сараланып, Жетісай аудандық сотының үкімімен азаматтардың бірі 5 жарым жылға, ал екіншісі 3 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары