$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2021, 09:03
Оқиғалар

«Үстіңнен басып өтемін»: Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған қария жазаланды

Оның үстінен 4 бап бойынша хаттама толтырылған

«Үстіңнен басып өтемін»: Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған қария жазаланды

Түркістан облысында жолдың қарсы бағытына шығып алып, өзге көлік жүргізушісімен ерегіскен қария жауапқа тартылды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Келес ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Chevrolet маркалы пикап мінген қарт кісі бір бағыттық жолдың қарсы бағытымен жүріп, Lada Priora көлігіне жол бермеген. Оқиғаны екінші көліктің жүргізушісі бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Қария жол берудің орнына Lada көлігін соғып, бірнеше метрге дейін сүйреп тастағаны бейнекадрлардан анық көрінеді.

“Келес ауданы полицейлерінің атқарған шараларының нәтижесінде жол апатына кінәлі және өз кінәсін мойындаған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Егде жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 4 бабы : 593-бабының 2-бөлігі "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау", 601-бап "жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау" және 610-бап "көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы", 611-бап "жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынуы мен жүргізуші куәлігінен айыру үшін сотқа жолданады”, - деп жазды облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова өзінің Facebook-парақшасында. 

Өз кезегінде, Lada көлігінің жүргізушісі жол көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары