Шымкентте із-түзсіз жоғалған келіншек Алматыдан табылды

Ол жаңа жыл күні үйінен шығып, содан қайта оралмаған

Полицейлер Шымкентте із-түссіз жоғалған келіншекті Алматы қаласынан тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент қаласының тұрғыны Бахтиярова Айсұлу Серікбайқызы жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында, із-түссіз жоғалған келіншекті 2021 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласынан тапты.

«Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды», - деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың 10 қаңтарында полицейлер аталған азаматшаны Шымкент қаласына алып келіп, жанұясына қайтарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.