09.01.2021, 18:04
Оқиғалар
Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Теңізге құлаған әуе кемесінің бортында 62 жолаушы болған, оның жетеуі – бала
© Hafit Irawan/Shutterstock/FOTODOM
Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы Джакарта әуежайынан ұшып шыға салысымен теңізге құлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«Лайнердің сынықтары мен жолаушылардың денелерін су бетінен алғашқы болып жағалау күзетінің кеме капитаны көрген», - деп жазады Синхуа агенттігі.
Айта кетерлігі, SJ182 рейсімен байланыс UTC уақыты бойынша сағат 7:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) үзілген. Ұшақ Джакарта әуежайынан ұшып шыға салысымен 4 минуттан соң радардан жоғалып кеткен.
Джакартадан Понтианакқа бағыт алып шыққан әуе кемесінің бортында 62 адам болған, оның жетеуі – бала.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды