$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2021, 09:38
Оқиғалар

Балықтардың қырылуына байланысты Талдыкөл су айдыны тексеріліп жатыр

Су сапасының сараптамасы 30 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілуде

Балықтардың қырылуына байланысты Талдыкөл су айдыны тексеріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясынан балықтардың қырылуы туралы ақпарат түсуіне байланысты Талдыкөл су айдынындағы екі нүктеден су сынамасын алды. Жоспардан тыс тексеру 7 қаңтар күні «Қазгидромет» РМК Қызылорда облыстық Экология департаментімен бірге жүргізілді. 

"Су сапасының сараптамасы 30 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша (басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар және т.б.) жүргізіледі. 
Алғашқы күнгі сараптаманың қорытындысы бойынша, су температурасы 1,8–3,1ºC аралығын көрсетті, сутек көрсеткіші 7,6-7,7, судың тұнықтығы - 21см, түстілігі – 6-8 градус, иісі – 0 балл болды. Табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ. Суда ерітілген оттегі концентрациясы төмен екені анықталып, 1,6-3,0 мг/дм3 –ты көрсетті. Оның көлемі 4 мг/дм3-тан жоғары болғанда нормаға сай деп есептеледі", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта су сынамасының сараптамасы басқа да көрсеткіштер бойынша жалғасып жатыр. Оның қорытындылары туралы қосымша хабарланады.

Серіктес жаңалықтары