$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.01.2021, 14:58
Оқиғалар

БҚО-да өндірістік жарақат алған бір адам қаза тапты

Бір күнде тағы 2 адам жарақат алды

БҚО-да өндірістік жарақат алған бір адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында бір күнде үш адам өндірістік жарақат алып, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға Теректі ауданы Тоқпай ауылында «Қаз-Хол» компаниясы салып жатқан тұрғын үйде тас қалаушы болып жұмыс істеген 47 жастағы ер адам құлап, басынан жарақат алған. Ол облыстық көпбейінді ауруханаға апара жатқан кезде жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатао Орал қаласында 48 жастағы жұмысшы биіктігі 3 метр төбеден құлаған. «Жәңгір хан» сауда үйінде бейнебақылау жүйесінде оператор болып істейтін 29 жастағы әйел де құлап, шүйдесін соғып алған. Олар облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары