05.01.2021, 12:45
Оқиғалар
Оралда күйеуін пышақтап өлтірген әйел қамауға алынды
Оқиға 28 желтоқсанда болған
көрнекі фото
Жаңа жыл қарсаңында Орал қаласындағы отбасылардың бірінде жанжал шығып, әйел азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуін пышақтап, ер адам жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 2020 жылдың 28 желтоқсанында түнгі сағат екілер шамасында Кердері көшесінде орналасқан үйде болған. 37 жастағы әйел жанжал кезінде бірге тұратын азаматтың кеуде тұсына пышақ салып, ер адам жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында қайтыс болған.
Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты
12.08.2026, 12:40
Даркнетке 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен: министрлік ресми мәлімдеме жасады
12.08.2026, 21:16
+43°С ыстық, бұршақты нөсер: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы