Жаңа жыл мерекесін тойлаудың соңы ұшақ апатына ұшырата жаздады
Әуе лайнері Жаңа жыл түнінде орта жолдан өзге әуежайға қонуға мәжбүр болды
Жаңа жылды тойлаушылардың кесірінен ірі ұшақ апатына ұшырата жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
The Aviation Herald басылымының жазуынша, Avianca әуе компаниясының Орландо штатынан (АҚШ) Боготаға (Колумбия астанасы) бет алған лайнері Жаңа жыл түнінде орта жолдан Эль-Дорадо әуежайына қонуға мәжбүр болды.
«Ұшақтың апатты түрде қонуына оған әуеде қалықтап жүрген ірі нысанның оратылып қалуы себеп болған», - делінген хабарламада.
Куәгерлер түсірген видеодан белгілі болғандай, жаңажылдық безендіру жіптері ұшаққа оратылып қалған екен.
жаңажылдық жылтырақ бұйымдарды еш ойланбастан әуеге ұшыра салған белгісіз жандардың ұшақ апатына соқтыра жаздаған әрекетіне ашуланған желі қолданушылары жарыса пікір қалдырып жатыр.