Маңғыстауда шекарашылар теңіз ортасында қалған шетелдікті құтқарды
Шекара кемесінің 2 метрден астам толқынға және қатты желге қарсы жүзуіне тура келген
31 желтоқсанда ауа райының күрделі жағдайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Шекара корабльдері мен катерлері Ақтау дивизионының «Сарбаз» шекара кораблінің экипажы Кендірлі шығанағы маңында түркиялық азаматты құтқару операциясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«SOS» көмегі туралы сигнал Әзербайжан кемесінің командирінен радио арқылы түскен. Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы консулдық қызметі қиын жағдайда қалу дерегін растады. Науқастың жағдайы ауыр болған, оған жедел аппендицит диагнозы қойылды.
Теңіз шекарашылары хабарлама алғаннан кейін бірден паромға қарай бет алып, 2 метрден астам толқынға және қатты желге қарсы жүзуге тура келеді.
4 сағат ішінде шекара кемесінің экипажы кемеге мінгенімен, науқасты шығара алмады. Кеме командирі науқасты «Сарбаз» шекара кемесінің борттық кемесіне қайта арту туралы қауіпті шешім қабылдайды. Гидротехникалық құрылыстардың алыстығына және Құрық портында айлақтың мүмкін емесіне байланысты лейтенант Ж.Ж. Иксатов бастаған борт катерінің экипажы науқас жолаушымен бірге ең қысқа жол бойынша жылжи отырып, жағалауға шығу туралы күрделі шешім қабылдауға мәжбүр болады.
«Дауыл соғып тұрса да, катер экипажы бір сағат ішінде науқасты жағаға жеткізе алды, онда оны «Кендірлі» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мен жедел медициналық жәрдем дәрігерлері күтіп алды. Жалпы алғанда, құтқару операциясы 6 сағатқа созылды», - делінген хабарламада.
Жаңаөзен қалалық ауруханасында науқасқа «Перфаративті асқазан жарасы» диагнозы қойылып, шұғыл ота жасалды.
Шекарашылардың шебер және батыл әрекеттерінің, шұғыл медициналық көмектің арқасында шетелдік азаматтың өмірі сақталды.
Әзербайжан Республикасының консулдығы қазақстандық шекарашыларға жолаушыны уақытылы және шебер іс-әрекеттерімен құтқарғаны үшін алғыс білдірді.