$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.01.2021, 11:38
Оқиғалар

Павлодар облысында зейнеткер салют көремін деп көзінен айырылып қала жаздады

1956 жылғы әйелдің оң көзіне салюттың ұшқыны тиген

Павлодар облысында зейнеткер салют көремін деп көзінен айырылып қала жаздады

Павлодар облысында 64 жастағы әйел отшашудан зардап шекті. Ол салют көремін деп көзінен айырылып қала жаздаған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, жарақат алған зейнеткер Розовка ауылының тұрғыны екен.

«1 қаңтарға қараған түн сағат 00:19-да пиротехникадан жарақат алған әйел туралы хабар келіп түсті. 1956 жылғы әйелдің оң көзіне салюттың ұшқыны тиген», - делінген аталған хабарламада.

Жаңа жылды көңілді тойламақ болған зейнеткер қазір облыстық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты дейді. Оның көзі күйіп қалған.

Жаңа жыл мерекесінде тағы екі үсікпен ауруханаға түсіпті. Олардың бірі – 1995 жылғы Павлодар тұрғыны. Ол екі аяғын үсітіп алған. Қазір ауруханада. Екіншісі – 1962 жылғы Екібастұз тұрғыны. Ер адамның екі қолының да саусақтары үсіп қалған.

Серіктес жаңалықтары