$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2020, 14:44
Оқиғалар

Ақтөбе облысында шахтада мерт болған төрт адамның мәйіті сыртқа шығарылды

Алдын ала мәліметке сәйкес, кеншілер жарылыс жұмыстары кезінде иіс тиіп қайтыс болған

Ақтөбе облысында шахтада мерт болған төрт адамның мәйіті сыртқа шығарылды
фото: diapazon.kz

30 желтоқсан күні сағат 21:21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ның «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза тапқаны хабарланды. Оқиға орнында болған тағы бір азамат дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне қайтарылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыс жұмыстары кезінде кеншілер иіс тиіп қайтыс болған.

«Бір жарым шақырым тереңдікте жарылыс жұмыстары жүргізілген. Қаза тапқан азаматтар да сол жерден табылды. Денелерінде механикалық жарақат ізі байқалмайды. Күйік шалып немесе топырақ астында көміліп қалмаған. Барлығы да «Ақтөбе мыс компаниясының» жұмысшылары. Бірі тау ісі шебері болса, екеуі жарылысшы, тағы біреуі жүргізуші боп еңбек еткен», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне-Аралчинский» жерасты кенішіндегі нәтижесінде төрт адам қаза тапқан оқиғаның мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды.

Комиссия құрамына сондай-ақ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бас сарапшысы Рустам Рамазанов, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Самат Таждавлетов, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тау-кен металлургия өнеркәсібі және жарылыс жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Нұрсерік Сәрсенбаев кірді. Жұмыс берушінің өкілі – «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары Анжелика Шипилова, ал еңбек ұжымының өкілі – Қуанышбек Жанаисов болды.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облыстық әкімдігі қаза болған кеншілердің аты-жөнін жариялады.

Серіктес жаңалықтары