$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2020, 11:49
Оқиғалар

Ақтөбе облысында қаза тапқан кеншілердің жеке басы анықталды

Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында қаза тапқан кеншілердің жеке басы анықталды
фото: diapazon.kz

30 желтоқсан күні сағат 21:21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ның «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза тапқаны хабарланды. Жарылыс салдарынан тағы бір адам зардап шеккен. Кейінірек облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Рүстем Исаев 59 жастағы жәбірленуші Қанат Абдуллаевтың іс жүзінде сау екенін, оны үйіне жібергенін айтты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыс жұмыстары кезінде кеншілер иіс тиіп қайтыс болған. Бүгін Ақтөбе облыстық әкімдігі қаза болған кеншілердің аты-жөнін жариялады. Олар:

  • Асхат Мадридұлы Қайқанов, тау-кен шебері (1977 жылы туған);
  • Денис Викторович Черный, жарушы (1985 жылы туған);
  • Рустам Бекарысұлы Шәметов (1981 жылы туған);
  • Б.Жақыпов, жүргізуші (1983 жылы туған).

Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл тергеу тобы мен аудандық прокуратура қызметкерлері барды. Осы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары