ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Елордада жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апатынан екі адам зардап шекті

Фото: ашық дереккөзден

Елордада жол-көлік апатынан үш адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

«24 қараша күні сағат 06.45-те Қабанбай батыр даңғылы бойында болған жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ-21099» маркалы көліктің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кетіп, «Toyota Camry»-мен соқтығысқан», - деді қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Ақпаратқа сәйкес, «ВАЗ-21099» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 36 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ ауруханаға осы көлікте болған тағы бір адам мен «Toyota Camry»-дің жүргізушісі жеткізілді.