$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2019, 13:50
Оқиғалар

Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Баланың анасын, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары басталды

Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 23 қарашада «102» пультіне Әуежай шағынауданындағы контейнерлердің бірінде жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

«Оқиға орнына мүдделі қызметтер мен полиция департаментінің басшылығы шықты. Бала өлі табылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баланың анасын, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерге барып, сауалнама алады, куәгерлер іздестіріледі», - делінген хабарламада. 

Сәби өлімінің себебі мен уақыты тағайындалған сот-медициналық сараптама кезінде анықталады. Оқиға полиция департаменті мен облыс прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары