$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 17:52
Оқиғалар

Шәкіртінің бетінен ұрған жаттықтырушыға оқушының анасы кешірім берді

Қыздың анасы Жаңаөзенде жақсы жаттықтырушылар аз екенін айтты

Шәкіртінің бетінен ұрған жаттықтырушыға оқушының анасы кешірім берді
скриншот: видео

Жаңаөзенде жарыс кезінде бапкері бетінен ұрған жасөспірімнің анасы Аэлита Илалова бапкерді кешіргенін айтып, не себепті полицияға арыз жазбағанын түсіндірді, деп хабарлайды lada.kz.

«Полицияға арыз жазудан бас тарттым. Себебі, баламның сот отырысына барғанын қаламаймын. Екіншіден, біз жаттықтырушыны кешіреміз деп шештік. Өзі және анасы бізден кешірім сұрады. Оның да балалары бар, тағдырын бұзғымыз келмейді. Оған қоса, жаттықтырушыны жұмыстан шығарып жіберді», – деді ол.

Қыздың анасы Жаңаөзенде жақсы жаттықтырушылар аз екенін айтты.

«Біреулер кешірім бергеніміз үшін бізге ақша төледі деуі мүмкін. Бірақ ашығын айтайын, бізге ешкім ештеңе төлеген жоқ. Жаңаөзенде спорт залдарына қатысты өзекті мәселе бар, жақсы жаттықтырушылар да өте аз. Азамат (жаттықтырушы – ред.) үнемі жарыс өткізетін алаң іздейтін, оның және командасындағы қыздардың арманы болды. Өкінішке қарай, осы оқиғадан кейін бұл арманы аяқсыз қалды», – дейді қыздың анасы.

Еске сала кетейік, Айта кетейік, 20 желтоқсанда әлеуметтік желілерде волейбол жаттықтырушысы шәкіртінің бетінен ұрып, басынан нұқыған сәт түсірілген видео тарады. Кейінірек жаттықтырушы бұл әрекетіне түсініктеме беріп, шәкіртінің көшбасшы екенін және командасын жігерлендіру үшін осындай «қадамға» барғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін волейбол командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетов шәкіртінің бетінен ұрғаны үшін жұмысынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары