Бір топ әскери қаза болған ұшақ апаты болған орынға мемориалды тақта орнатылды
Апат 2012 жылы 25 желтоқсанда болды
Осыдан 8 жыл бұрын 25 желтоқсан күні Шымкент қаласы маңында ұшақ апатынан 27 әскери қызметші қаза болған еді. Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің барлық аумақтық бөлімшелерінде әріптестерін еске алуға арналған шаралар өткізді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің бастамасымен ұшақ апаты болған орынға мемориалды тақта орнатылды. Мемориал басында марқұм болған әріптестердің құрметіне дұға-тілектер бағышталып, гүл шоқтары қойылды.
«2012 жылдың 25 желтоқсаны күні мемлекетімізде қаралы күн жарияланған еді. Қыстың қытымыр күнінде ел астанасынан Шымкент қаласына бет алған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Сайрам ауданы Тассай елдімекені маңында орын алған ұшақ апатынан 27 адам қаза тапты. Бұл тәуелсіз ел тарихында болған ең ірі қайғылы оқиға еді», - делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарламасында.