Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 57 адам құтқарылды
Зардап шеккендердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 57 адам құтқарылды. Зардап шеккендердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 желтоқсан күні сағат 16:18-де 101 пультіне Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ауданында №15 көпқабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы дереу оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққандығы анықталды, аумағы 50 шаршы метр құрайды», – делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша 90 адам, оның 30 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. 57 адам, оның 25 бала құтқарылды.
Зардап шеккендердің бірі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, енді бірі жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді.
Өрт 16.53-те толық сөндірілді.