ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қызылорда аялдамасындағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

21 қарашада болған жол апатынан 3 адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адам ауруханаға жеткізілген еді

21 қараша күні таңертең сағат 09.15 шамасында Қызылорда қаласының Назарбаев даңғылы бойында Toyota Camry маркалы автокөлік алдымен Mercedes-Benz көлігіне соқтығысып, кейін жоғары жылдамдықпен аялдамадағы адамдарды қағып кеткен болатын

Үш адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адам емханаға жеткізілді. Кеше балалар және қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған 10 жастағы бала мен 31 жастағы әйелдің жағдайы ауыр кенін Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айбек Мырзағұлов айтып берген еді. Бүгін Денсаулық басқармасының өкілі 10 жастағы оқушының көз жұмғанын хабарлады.

«Балалар ауруханасына жатқызылған 10 жасар бала кеше Қызылорда уақытымен сағат 20.30 шамасында көз жұмды. Біз барлық тиісті шараларды жасадық, өкінішке қарай баланы аман алып қалуға мүмкіндік болмады», - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.