$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 03:29
Оқиғалар

Түркістан облысында ағайындылар газға уланып көз жұмды

Көгілдір отынды үнемдемек болған тұрғындар мұржаны бітеп тастаған екен

Түркістан облысында газ үнемдемек болған тұрғындар ажал құшты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жетісайда көгілдір отынды үнемдемек болған ағайындылар мұржаны бітеп, ақыры улы газға тұншығып қалған.

«Үсті жабық. Міне, тесік. Шегемен тесіп қойған. Жабық, мынау солдаттың ыдысы», - деп көрсетті марқұмдардың көршісі.

Бұл үйде 62 және 50 жастағы ағалы-інілі екі азамат тұрған екен. Олар үйінен шықпай қалған соң баспанаға бас сұққан көршілер улы иісті сезеді. Есік-терезені ашып, үй ішін желдетіп жүргенде бөлменің бірінде сұлық жатқан үй қожайындарын көрген. Жедел жәрдем дереу жеткенімен, ағайындыларды құтқару мүмкін болмады.

Көршілердің айтуынша, ағасы мен інісі бірнеше күн бұрын ғана мұржаға темір түтік орнатып газды үнемдемек болғанын айтқан. Сөйтіп сыртқа шығуы керек 80 пайыз улы иіс баспананың ішіне тараған.

Жыл басынан бері улы газдан Түркістан облысында бес адам көз жұмған. Мамандар қыста жылыту құрылғысына барынша мұқият болуға шақырады.
 

Серіктес жаңалықтары