$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 13:44
Оқиғалар

Павлодар облысында бір үйір жылқы мұз астында қалды

26 жылқы 1 желтоқсанда жоғалған 

Павлодар облысында бір үйір жылқы мұз астында қалды
фото: pavlodarnews.kz

4 желтоқсанда Аққулы ауданындағы фермерлердің бірі 26 жылқысы жоғалғаны туралы полиция өкілдеріне хабарлаған. Жылқылардың иесі 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқы ұрлағанын айтқан. Ол бірнеше күн бойы жоғалған жылқыларды өз бетінше іздеген.

Жоқ іздеу үшін арнайы жасақ құрылып, аудандағы шекаралас аймақтардың бәрін шарлап шыққан. 6 желтоқсанда іздеу нәтижесінде Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен мұздың астында сіресіп қатып қалған 26 жылқыны тапқан.

Осыған байланысты құқық қорғаушылар малды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салды. Ондайда мал ұрлығы да болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, полицейлер малға ен салып отыруға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары