04.12.2020, 10:02
Оқиғалар
Жаңаөзенде қарақшылар инкассатор көлігінен 62,5 млн теңге мен 20 мың долларды тонап кетті
Шабуылдаған күдіктілер ізін суытқан
3 желтоқсан күні кешке Жаңаөзен қаласында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалды, деп жазады Yedilov online телеграм-каналы.
«Дереккөздің мәліметінше, Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақытпен кешкі сағат 18:40-та Көктем шағынауданындағы банк бөлімшесінен шыққан инкассаторларға шабуыл жасалды. Пышақпен қаруланған 4 ер азамат үш қап ақшаны қолды еткен. Оның ішінде 62 532 542 теңге, 19 696 доллар және 495 450 рубль болған», - делінген аталған хабарламада.
Инкассатор көлігінің жүргізушісі қарақшылар отырған Nexia автокөлігіне бес рет оқ атқанымен, күдіктілер ізін суытып үлгерді. Қалалық Полиция басқармасы оларды ұстау бойынша операция жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады