Қостанайда өрттен 2 бүлдіршін қайтыс болды: ата-анасы балаларды қараусыз қалдырған
Алдын ала болжам бойынша, балалар уланып өлген

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері 3 желтоқсан күні кешке Денисов ауданы Фрунзенское ауылында екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиға туралы баяндады.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаевтың айтуынша, кеше түстен кейін Фрунзе ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. 12 шаршы метрді құрайтын жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенген. Ата-анасы көрші Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Бұл уақытта үйде екі бүлдіршін: төрт жасар Екатерина және екі жасар Кирилл қалған.
«Екі баланың денесін ата-анасы анықтаған. Олар өрт болған жерге бірінші болып келген. Зардап шеккен балаларды каустикалық түтінге толы үйден ерлі-зайыптылар жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізді. Ол кезде балалардың жағдайы қалыпты болған. Алайда, сағат 17:15-те дәрігерлер олардың клиникалық өлімін анықтады, балалар ес жимастан көз жұмды. Өрт 17:11-де сөндірілді. Оқиға орнына мемлекеттік өртке қарсы қызмет шақырылмаған. Өрттің ықтимал себебі ретінде мамандар балалардың отпен ойнауын қарастырады. Алдын ала болжам бойынша балалардың өлімі уланудан болған. Оқиға орнына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық ТЖ өкілі қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты», - дейді ол.
А.Орымбаев ата-аналардан жас балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.