$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2020, 15:07
Оқиғалар

Құмар ойын ойнап, қыдырып жүрген – Түркістанда жоғалып кеткен тұрғын табылды

Ол Шымкент қаласында жалдамалы пәтерде тұрған 
 

Құмар ойын ойнап, қыдырып жүрген – Түркістанда жоғалып кеткен тұрғын табылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері үш күн бойы хабарсыз кеткен азаматты тәулік ішінде Шымкенттен тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түлкібас полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі арызданып, өзінің некедегі күйеуі үйінен белгісіз бағытқа шығып, із-түзсіз жоғалғанын хабарлайды. 

Алғашқыда ер азаматты өз беттерімен туыстарының үйінен іздеп, ұялы телефон арқылы табамыз деп әрекеттенген. Ақыры нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. 

«Аталған жайтты тәртіп сақшылары бірден тіркеуге алды. Азаматты табу үшін учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Олар жоғалған ер азаматты тез арада табу мақсатында көлік жүргізушілерінен, куәгерлерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Осындай жедел шаралардың нәтижесінде өз істеріне мұқият кіріскен түлкібастық полицейлер азаматты тәулік ішінде Шымкент қаласынан жалдамалы пәтерден тапты. Жоғалған тұрғынның құмар ойын ойнап, қыдырып жүргендігі анықталды»,- делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары аталған азаматты тауып, аман-есен үйіне жеткізді. Әйелі күйеуінің дін аман табылғанына қуанып, алғысын жеткізді. 

Түркістан облысының полицейлері «жоғалып кету» жайты көбінесе отбасындағы ұрыс-керіс кикілжіңнен туындайтынын айтады.

Серіктес жаңалықтары