Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылып, өрт шықты

Өрт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты

Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылып, өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді. Онда газ баллоны жарылған, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті. Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған», - делінген ТЖД хабарламасында. 

Алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылған. Өрт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де толық сөндірілді. Мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.