$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2020, 00:47
Оқиғалар

Оралда 6 күн бұрын танысы пышақтап кеткен ер адам көз жұмды

48 жастағы ер адам сол күйі ес жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды

Оралда 6 күн бұрын танысы пышақтап кеткен ер адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Алты күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 48 жастағы ер адам сол күйі ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 қараша күні кешкі сағат 23.30 шамасында Орал қаласындағы Январцевская көшесінде орналасқан үйде болған.

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, 48 жастағы танысымен сөзге келіп қалған 51 жастағы ер адам оны пышақтап тастаған.  

«Зардап шеккен азамат облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда 26 қараша күні ер адам ес жимастан көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы – «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.     

Серіктес жаңалықтары