$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2020, 14:23
Оқиғалар

Қостанай полицейлері улы газға тұншығып өлмек болған әйелді құтқарды

33 жастағы әйел гаражды іштен жауып, автокөліктен шыққан улы газға тұншығып өлмек болған

Қостанай полицейлері улы газға тұншығып өлмек болған әйелді құтқарды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайлық полицейлер гаражды іштен жауып, автокөліктен шыққан улы газға тұншығып өлмек болған 33 жастағы әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдің өзіне-өзі қол жұмсағысы келетіні жайында оның қалада тұратын анасы хабарлап, облыстық ПД жедел басқару орталығы қызметкерлерінен көмек сұраған. Ол сондай-ақ, қызының мекенжайын атаған.

Хабарламаны алған аудандық полиция бөлімінің инспекторлары көрсетілген мекенжайға бірнеше минут ішінде жеткен.

«Үйдің ауласын қарап шыққан тәртіп сақшылары жабық гараждан машинаның жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының дыбысын естіген. Кішкентай терезе арқылы полиция жүргізуші орындығындағы әйелді көреді. Еш ойланып жатпастан, кезекшілермен өзара ақылдаса сала полиция қызметкерлері терезені сындырып, ішке кіреді. Содан кейін олар қызды газбен жұтылған гараждан таза ауаға шығарған. Бұл уақытта полицияға өтініш берген анасы да оқиға орнына жетіп үлгерген еді», - делінген хабарламада.

Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алды. Кейін қыздың анасымен ұрысқаннан кейін осындай қадамға барғаны анықталды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері екі әйелмен профилактикалық әңгіме өткізіп, оларды үйіне апарды.

Қызын құтқарып қалғаны үшін ана Тобыл қаласындағы патрульдеу бағытының полиция лейтенанттары Амангелді Сыздықов пен Мүсілім Исабаевқа зор алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары