$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2020, 16:25
Оқиғалар

Жамбыл облысында мұз бетінде ойнап жүрген 2 бала мерт болды

Министрлік жаңа қата бастаған мұз үстінде ойнауға, коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді

Жамбыл облысында мұз бетінде ойнап жүрген 2 бала мерт болды
Фото: ашық дереккөзден

28 қараша күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында 9 және 6 жастағы екі бала ойнап жүріп, суару каналында мұздың астына құлап, мерт болды. 

Олардың денесін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі тереңдігі 3 метр судан шығарды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Аяз басталысымен суда біртіндеп мұз пайда бола бастайды. Алайда алғаш қата бастаған мұзға балалар мен жасөспірімдер барып, жиі ойнайтыны жасырын емес. Осыған байланысы жұқа мұз өте қауіпті екенін еске салғымыз келеді.

«Құрметті ересектер қауымы! Балаларыңызға абай болыңыздар! Мұз қатқан судың қауіптілігі туралы балаларыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Балалардың бақылаусыз қалуына жол бермеңіздер. Су қоймаларында ойнауына жол бермеңіздер. Оларды қараусыз қалдыру орны толмас өкінішке алып келуі ықтимал», - делінген хабарламада.

«Мұзда» қайғылы жағдайлар қайталанбас үшін су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажет:

Мұз жаңа қата бастаған кезде мұз үстінде ойнауға, коньки тебуге тыйым салынады. Жұқа мұз осал болады. Адамның салмағын көтере алмайды.

Мұзда жүру кезінде абай болыңыз, мұз бетінде мұқият болыңыз, қауіпті және күдікті жерлерде жүрмеңіз. Қардың қалың қабатымен жабылған жерлерден сақ болуыңыз. Қар астында мұз әрқашан ашық жерлерге қарағанда, жұқа болады.

 

 

Серіктес жаңалықтары