ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңға жуықтады

Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалған 10 жасар қыз табылды

Жеткіншек отбасындағы жанжалдан кейін белгісіз бағытқа шығып кеткен

Жамбыл облысында 33 жастағы әйел полицейлерге жоғалған қызының тұрған жерін анықтағаны үшін алғысын білдірді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әйел өзінің бейнежазбасында полиция қызметкерлері хабарламаны алғаннан кейін кідіртпей ауыл тұрғындарын жұмылдыра отырып, баланы іздеуге кіріскені үшін алғысын білдірген. Қыздың орналасқан жері бір сағат ішінде анықталған, медициналық қызметкерлердің қарауынан кейін бала ата-анасының үйіне жеткізілді.

«Қордай ауданы Аухатты ауылының 33 жастағы тұрғыны қызының жоғалғаны туралы полицияға арызданды. Ол жоғалған итке қатысты болған кішігірім жанжалдан кейін 10 жасар қызының үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, жоғалып кеткенін хабарлаған», - делінген ПД хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыздың көрші көшеде салынып бітпеген құрылыс нысанында болғаны анықталды. Баланың айтуынша, анасына ренжіген ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Жолда құрылысы аяқталмаған үйді көріп, «суықта үсіп қалуым мүмкін» деп қорқып, полиция қызметкерлері мен көршілері оны тапқанша біршама уақыт сонда өткізген. Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.