$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 16:48
Оқиғалар

Мәйітханада тіріліп кеткен ер адам туыстарын кешіре алмай жүр

Есінен танып құлаған отағасын туыстары бірден мәйітханаға апарып тастаған

Мәйітханада тіріліп кеткен ер адам туыстарын кешіре алмай жүр
Фото: Stewart Goldstein/Medicimage/Global Look Press

Кенияда ер адам есінен танып қалған соң, туыстары оны бірден мәйітханаға апарып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Жергілікті The Standart басылымының мәліметінше, Питер Киген есімді ер адам үйінде жүріп есінен танып құлайды. Оны отбасы мүшелері ауруханаға жеткізеді. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер Питердің ауруханаға жеткізілгенге дейін қайтыс болып кеткенін хабарлапты. 

«Алайда қазіргі таңда аурухана қызметкерлері «Питерді туыстарының өзі өлдіге санаған болатын» деп кері мәлімдеме жасауда. Дәрігерлер ер адамның қал-жағдайын анықтауға уақыт беруді сұрағанда, туыстары «Өлімді рәсімдеу жұмысын әдейі ұзаққа созғалы отырсыңдар» деп кінәлап, оны мәйітханаға өздері алып кеткен-міс», - деп жазады басылым. 

Мәйітхана қызметкерлері денені бальзамдауға дайындап жатқанда ер адамның қимылдай бастағанын байқап, оны бірден ауруханаға қайтып алып барған екен.

Бүгінде тиісті ем-домын алып жатқан ер адам бірнеше күннен соң ауруханадан үйіне шықпақ.

Туыстары өзін өлдіге санап, тіпті мәйітханаға апарып тастағанын естігенде қатты таңданған Питер Киген оларды әлі кешіре алмай жүрген көрінеді.  

Серіктес жаңалықтары